Білім келешегі: «Адал азамат – кәсіби маман»

8 қазанда педагогикалық кеңес өтті, ол футбол матчы түрінде ұйымдастырылды.
Тақырыбы: Білім келешегі: «Адал азамат – кәсіби маман»
Мақсаты: педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру, адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын дамыту, сондай-ақ командалық рух пен шығармашылық белсенділікті қалыптастыру болды.
Кеңес барысында төрт команда — «Тобол», «Қайрат», «Астана» және «Елімай» — түрлі кезеңдер бойынша өз білімдері мен кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар адалдық пен кәсібиліктің жарқын үлгісін танытты.
Нәтижесінде:
«Қайрат» командасы – «Ең мықты команда»,
«Тобол» командасы – «Ең шығармашыл команда»,
«Астана» командасы – «Ең адал команда»,
«Елімай» командасы – «Ең кәсіби команда» номинацияларына ие болды.
Бұл педагогикалық кеңес ұстаздардың бірлігін, шығармашылығын және кәсібилігін айқындаған мазмұнды әрі көңілді шара болды!






