МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ САЙЛАУЫ – 2025

МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ САЙЛАУЫ – 2025
Оқушыларлың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту және көшбасшылық қабілеттерін шыңдау мақсатында Мектеп Парламенті Президентінің сайлауы өтті.
Мектеп Президенті лауазымына 9 сыныптан 4 үміткер қатысып, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынып, тың идеялар мен бастамаларын презентация арқылы таныстырды.
Сайлауға мектеп-интернат қызметкерлері, ұстаздар, тәрбиешілер қауымы мен 1-9 сынып оқушылары белсене қатысып, өз дауыстарын берді. Бұл – оқушылардың азаматтық жауапкершілігі мен белсенділігін көрсеткен маңызды оқиға болды.
Сайлау нәтижесі бойынша:
Мектеп Президенті болып 9 «Б» сынып оқушысы – Бекмухамбетова Согдиана сайланды!
Жаңа сайланған Президент пен министрлер құрамына сенім білдіре отырып, алдағы қызметтеріне сәттілік, жаңа идеялар мен игі бастамалары мектеп-интернаттың оқу-тәрбие үрдісіне оң бағыт беретініне сенімдіміз.
#МектепПарламенті #ПрезидентСайлауы #ЖасКөшбасшы #ОқушыларӨзінӨзіБасқару #ЖаңаБастама






