"Балалардың дәрі-дәрмектен улануының алдын -алу"
«Адал азамат»біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес 3 топ тәрбиеленушілерінің, медициналық қызметкерТельгарина К.Б. және топ тәрбиешісі Муратова М.М.қатысуымен «Балалардың дәрі-дәрмектен улануының алдын -алу»тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Тәрбие сағатының мақсаты:1 Балаларды дәрі-дәрмектердің классификациясымен таныстыру.2 Балалардың қауіпсіз өмір сүруіне мотивациялық саланы қалыптастыру.3.Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға үйрету.Тәрбие сағаты барысында балалар әртүрлі дәрі дәрмектің түрлерімен танысып, олардың пайдасы мен зиянын ажыратуды, қолдану мөлшерін білуді үйренді.Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеудің тәсілін үйренді.Топтағы тәрбие сағаты өз деңгейінде өтті.
#адал_азамат






