Абай —дана, Абай-дара қазақта!
Бүгін мектебімізде қазақ халқының ұлы ақыны, ғұлама ойшылы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай тағылымы мол әдеби кеш өтті.
Кештің құрметті қонағы, ұлағатты ұстаз, аяулы әже — З.Ш. Ермұханова Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орыс тілінде орындап, көрермендерді тәнті етті.
Первомай ауылдық кітапханасының қызметкері Т.В. Устинова оқушыларға Абай өмірі мен шығармашылығына байланысты қызықты викториналық сұрақтар дайындап келді.
Мектеп оқушылары ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқып, «Көзімнің қарасы» әнін көрермендер назарына ұсынды.
Ұлттық киімдегі қыздар тобы мың бұралып, көркем би билеп, кешке ерекше көрік қосты.
9-топ тәрбиешісі Ж.Қ. Жүсіпбекова орындаған «Асыл жандар» әні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Жаңа туындының тұсаукесеріне орай «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» РҚБ Меңдіқара аудандық филиалының төрайымы А.К. Есетова арнайы сый-сияпатын табыстады.
Осындай рухани кештер – ұлттың жүрегін тербетіп, өскелең ұрпаққа тағылым сыйлайды.
#Абай180жыл #ӘдебиКеш #АбайМұрасы #МектепӨмірі #ҰлттықМұра #Меңдіқара #ТәрбиеСағаты #ҰлыАбай






