"БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ-ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ"

“Адал азамат”біртұтас тәрбие бағдарламасы, «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» құндылығын негізге ала отырып, ата-аналарға арналған «Бала қауіпсіздігі — қоғам келешегі» тақырыбында жиналыс болды.Жиналыста :
1. Ата-ана ақпараттық қауіпсіздік туралы нені білу керек?
2. Балалардағы дәрі-дәрмектермен уланудың алдын алу: ата-аналар не білуі керек?
Қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі – балаларымыздың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін сақтау, дәрі-дәрмектер дұрыс сақтамау және балалардың қабылдау қаупі туралы хабардар ету мақсатында өтті.Әрбір ата-ана балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды әлеуметтік медиа мен интернеттің зиянды әсерінен қорғауы тиіс.
Қауіпсіздіктің алдын алу үшін, ата-ананың баласымен ашық диалог, көңіл-күйі қалай екенін қадағалап отыру қарапайым, бірақ өмірлік маңызды шаралар екенін түсінді. Тек бірлескен күш -жігермен біз қиындықтардың алдын алып, балаларымыздың денсаулығын сақтай аламыз. Мектеп-интернат медбикесі: Г.К.Сейдахметова., педагог-психолог: А.Г.Сауекенова.
#Адал_азамат_
#Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау






