Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы

«Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана,қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында топта ата-аналар жиналысы өткізілді.
Ата-аналар жиналысы тәрбие жұмысының әдіс- тәсілдерінің басымдықтары, отбасындағы құндылықтарды дамытудағы ата-ана рөлі,қауіпсіздік ережелері т.б мәселелермен жалғасты.
Күн тәртібінде:
1.Мектеп-интернат пен ата-аналардың бірлескен жұмысын ұйымдастырудың басымдықтары туралы
2.Топтағы ата-аналармен ынтамақтастыру қызметін үйлестірудің ерекшеліктері туралы
Іс-шара басында әлеуметтік педагог: Н.Н.Дьякова психологиялық ахуалға бағытталған тренинг өткізді.
Жиналыс барысында 3топ тәрбиешісі: А.Б.Сейдалина ата-аналарға білім беру мен тәрбиелеудің заманауи бағыттарымен таныстырып, оқушылардың жан-жақты дамуына қатысты өзекті мәселелеріне тоқтады, талқыланды.  Мектебіміздің педагог-психологы: А.Г. Сауекеновамен «Сіз қандай ата-анасыз? тақырыбында сауалнама жүргізілді. Сауалнама ата-аналардың өз тәрбиелік ұсынымдарын бағалап, отбасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін анықтауға бағытталады.
 Бұл жиын ата-ана мен мектеп -интернат арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталды.
#АтаАнаЖиналысы
#Адал_азамат
0
20:29
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!