​"2025 - Жұмысшы мамандықтар жылы"

​"2025 - Жұмысшы мамандықтар жылы"

«2025 — Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында іс-шаралар жоспарына сәйкес, 7 топ тәрбиеленушілерімен «Аспазшы мамандық» атты тақырыпта Зенгер Н.М. бірлесіп іс-шара өткізді. Тәрбиеленушілер аспаз мамандығы туралы қызықты мәліметтермен танысып, бұл мамандықтың маңыздылығы мен күнделікті өмірдегі қажеттілігі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, балалар азық-түліктерді дұрыс таңдау, оларды өңдеу және тағам дайындаудағы тазалық пен қауіпсіздік ережелері жайлы мәлімет алды.

Іс-шара соңында балалар өз қолдарымен жасаған салаттарды ұсынды және бір-бірін бағалап, аспаздық қабілеттерін көрсетті. Бұл іс-шара тәрбиеленушілердің мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, өз бетімен жұмыс істеу және топпен бірлесіп әрекет ету дағдыларын дамытты.#біртұтас_тәрбие#ЖұмысшыМамандықтаржылы#біліктіМаман
0
20:37
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!