Емтиханға сенімді қадам!
Емтиханға сенімді қадам!
Бүгін 9 «Б» сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша емтиханға дайындық жұмыстары өткізілді.
Оқушыларға қолдау көрсету мақсатында мектеп психологы А.Г. Сауекенова арнайы психологиялық тренинг жүргізіп, емтихан кезінде өздерін сенімді әрі қауіпсіз сезінудің жолдарымен таныстырды.
Тренинг барысында оқушылар белсенділік танытып, пайдалы кеңестер мен тәжірибелік жаттығуларға атсалысты. Бұл сәт оларға алдағы сынақтарда оң әсер ететініне сенімдіміз!
#мектепөмірі #емтихан2025 #психологиялыққолдау #сенімділік #оқушыөмірі #қазақтілі #әдебиет