Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 8-топ тәрбиеленушілері арасында 9 мамыр күні «Сіздердің жеңісіңіз-біздің болашағымыз» атты тәрбие сағаты өткізілді.Мақсаты: балалардың бойында Отанға деген құрмет, сүйіспеншілік мақтаныш сезімдерін тудыра отырып, ұлтжандылыққа, ержүректілікке, бабалар ерлігін үлгі тұтуға тәрбиелеу.Тәрбие сағаты барысында балалар соғысқа қатысты тың деректермен танысып, өз білімдерін толықтырды.Мақал-мәтелдер мағынасын ашып, тақырыпқа қатысты бейнероликті тамашалады.#біртұтас_тәрбие