«Ғылым күні» атты интеллектуалдық ойын өтті.
2024-2025 оқу жылының мектепішілік жұмыс жоспарына сәйкес «Ғылым күні» атты интеллектуалдық ойын өтті. 5 топ тәрбиешісі А.С. Аргимбаев мен тарих пәні мұғалімі Чуев М.В. іс-шараның басында тақырыпқа байланысты видео көрсетті, тәрбиеленушілер екі топқа бөлініп, қызықты сұрақтар қойылды. Балалар тақырыпқа байланысты ребустар шешіп, ақ қағаздан зымыран жасап, қызықты викторинаға қатысып, таңдаған саланы ватманға салып, мағынасын түсіндіріп қорғады. Іс-шараның соңында әділ-қазылар алқасының шешімі негізінде жеңімпаздар марапаттау қағазымен марапатталды.