Декада МО "Капельки"
Бүгін 18 ақпанда 1 «А» сынып оқушылары төрт түлік жайлы түсініктерін тереңдетіп,қызықтай түсті. Ана тілі сабағынан оқушылар өткен сөздерді еске түсіру мақсатында «Табан іздері» әдісі арқылы сөздерді оқып буынға бөліп, қанша буынды сөздер екенін анықтады. Жаңа тақырыпқа кіріспе әңгіме жүргізілді. Өлеңнің авторы жайлы қысқаша мағлұмат берілді.Үй жануарларын атап, оның ішінде жылқы малының пайдасы, ерекшелігі,құндылықтарына тоқталып төрт түлік малын қалай шақыратынымызды да видео роликтан тамашалады. Викторина Froggy Jumps ойыны арқылы дұрыс тасымалданған сөздерді тауып алу болатын, оқушыларға өте қызықты болды. Сабақ соңында «Киіз үй» әдісі арқылы кері байланыс жүргізілді.