"Мамандықтар марафоны"

"Мамандықтар марафоны"

«Тәрбиешілер» ӘБ онкүндігі аясында «Заманауи тәрбиеші- жаңа талаптар мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы жоспарға сәйкес, мектеп тәрбиеленушілерінің мамандыққа деген талпынысын, қызығушылығын ояту мақсатында «Мамандықтар марафоны» (" workshop — ағылшыннан аударғанда " шеберхана" ) тақырыбында мектепшілік іс-шара өтті. Іс -шарада тәрбиеленушілер өздерін жан -жақтан көрсетіп, «Дәрігер», «Биші», «Полиция», «Бағдарламашы», «Аспазшы» мамандықтары бойынша өздерінің бақтарын сынады. 1 кезеңде мамандықтарын ұран арқылы таныстырса, 2 кезеңде жағдаят сұрақтарға жауап беру арқылы, тапқырлықтарын танытты.Соңғы кезеңде әркім өз мамандықтары бойынша шеберліктерімен бақ сынасты. Әділ -қазы алқалары ұйымдастырушы мен тәрбиеленушілерге ризашылықтарын білдіріп, түрлі номинациялар бойынша марапат қағаздарын ұсынды. Тәрбиеші: Жусупбекова Ж.К.

0
14:58
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!