Біртұтас_тәрбие
Әр аптаның дүйсенбі күні жаппай мектепішілік жиыны өткізіледі. Аптаның дәйек сөздері – бүкіл ұйымның сабақ барысы мен сабақтан тыс уақытында іс-әрекеттердің леймотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, халық даналығы, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері. Осыған сәйкес бекітілген жоспарға сәйкес әрбір педагог-ұстаз жауапты тақырыбын ашуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Білім алушылар мен педагогикалық ұжымды апта дәйек сөзімен таныстырып, оны ашуға бағытталған шағын қойылым, викториналық сұрақтар және ойындармен сабақтастырады. Физика пәні мұғалімі: А.Б.Сейдалина.
Апта жиынында қарастырылатын мәселелер:
-Жаппай әнұранды орындау.,
-Апта дәйек сөзімен таныстыру.,
-Мектепішілік, аудандық, облыстық, Республикалық деңгейдегі жетістіктерімен құттықтау, мадақтау, марапаттау.,
-Мектепішілік кезекшілік (кезекшілікті тапсыру және қабылдау).,
-Тағыда басқа мәселелер.
«Заң алдында бәріміз теңбіз –ортақ тәртіп осы».
«Тәртіп орнаған ортада –татулық пен даму болады».