Юбилей!!!
Бүгін мектеп-интернатымызда елеулі күндердің бірі – 60 жылдық мерей тойы. Мектеп –интернатымыздың мерейтойы аудандық деңгейдегі семинар форматында өткізілді. «Біртұтас тәрбие –жаңа қадам, жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктер»атты іс-шара мерейтоймен үйлестіріліп, жоғары деңгейде өтті. Семинарға аудандық мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, зейнеткер педагогтер, аудан мектептерінің директорлары және ата-аналар қатысты. Семинар бағдарламасына сәйкес теория негіздері, сыныптан тыс сабақтар мен пән аралық байланыста құндылықтарды бала бойын дарыту бойынша практикалық сабақтар, психологиялық тренинг жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Семинардың ашылуы салтанаты мектеп-интернат директоры: Г.Е.Сейдахметованың алғы сөзімен ашылды, одан әрі 2000-2012жж аралығында мектеп-интернаты директоры лауазымында қызмет еткен педагог-зейнеткер: Л.И.Хамидова сөз сөйледі. Әннен шашу бөлімінде оқушылар мен педагогтер өз өнерлерімен көрермендерін баурап алды. Концерт барысында «Аманат»партиясының төрайымы: Алла Узбековна осы мерейтоймен ұжымды құттықтап, денешынықтыру пәні мұғалімдері: Ш.Ж.Мухамбеткалиевке., Ж.Ж.Сулейменовке және технология және көркем еңбек пәнінің мұғалімі: Д.С.Кабдешевке қоғамдық іс-шараға белсене қатысқаны үшін алғыс хат табыстады… Семинар соңында «Тәрбиешілер»ӘБ жетекшісі-Т.Л.Форикова рефлексия жүргізіп, келген қонақтар назардан тыс қалмады.онымен қатар «Ұсыныстар мен тілектер» кітабында өздерінің тіліктерін жазып кері байланысқа түсті.