«Жасөспірімдік өтпелі жас және қыздар гигиенасы »
Кәмелетке толмағандар арасында азаматтық құқықтық сана мен құқық бұзушылықтың алдын-алу облыстық айлығын өткізу туралы жоспарына сәйкес «Жасөспірімдік өтпелі жас және қыздар гигиенасы » атты тақырыпта 6-9сынып қыздардың қатысуымен «Меңдіқара»АА акушері: С.А.Кирсанова дәріс өткізді. Өсу мен даму процестері қарқынды жүріп жатқан кезде жыныстық жетілу кезіндегі ағзаның физиологиялық өзгерістері туралы ,өтпелі жас қыз баланың физиологиялық организмінің өзгерісі туралы айтылды. Сондай-ақ, ол қыздардың назарын осы кезеңде тұлғаның психологиялық, моральдық және әлеуметтік қалыптасуы жүріп жатқанына аударды. Светлана Александровна тақырыпты презентация көмегімен жеткізе білді. Дәріс соңында қыздармен сұрақ-жауап диалогын құра білді.Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру,қыздар гигиенасы, физологиялық өзгерістер туралы ақпараттандыру.