"Біртұтас тәрбие"
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында, қазан айының тәуелсіздік және отаншылдық құндылығы бойынша 25 қазан- Республика күні қарсаңында 5 топ тәрбиеленушілерімен бірге «Республикам-мақтанышым» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында 15 минут балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты: әлеуметтік желілердегі мінез-құлық қағидалары, негізгі қауіпсіздік ережелері, желідегі жас шектеулер және олар не үшін қажет? тақырыптарында жеке қауіпсіздік өткізілді. ҚР-ның қалалары жайлы қызықты ақпарат алып, картамен жұмыс жасалды. Сонымен қатар балалар энциклопедиядан елдің саяси жағдайына байланысты көп мағлұмат алды. Тәрбиеші: Жусупбекова Ж.К#біртұтастәрбие#Республикакүні