День учителя

День учителя

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сәйкес «Ұстаз деген жарық күн»мерекелік концерті өтті. Ұстаздық жолдың қызығы мен қиындығын, жас ұрпақ тәрбиелеудегі маңыздылығы мен жауапкершілігін жете түсінетін, әр ұрпақтың білімі мен білігі жолында аянбай еңбек ететін ұстаз деген ұлы есімнің орны ерекше.Сол себепті де, осындай айтулы күні мектеп-интернат тәрбиеленушілері өз өнерлерін тарту етті. Іс-шара басында директордың оқу ісі жөнідегі орынбасары: Г.М.Мустафина мектеп-интернатта қызмет жолында жүрген барлық ұстаздарды құтықтады. Одан әрі мерекелік іс-шара бастауыш сынып оқушылырының тақпақтарымен, кәсіподақ төрайымы: А.Б.Сейдалина мерекеге орай білім саласындағы елеулі еңбектері үшін ұстаздарға мадақтамаларды табыстауымен жалғасты.Мерекелеріңізбен,әріптестер.Білім мен тәрбиенің көшін жылжытып келе жатқан, Сіздерге алғысымыз шексіз.

#біртұтас_тәрбие
0
09:42
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!