« Ерлерім, мақтанышы елімнің»
Мектеп-интернатымызда « Ерлерім, мақтанышы елімнің» атты тақырыпта концерттік бағдарлама өткізілді.Концерттің басында мектеп-интернат директоры- Г.Е.Сейдахметова ер азаматтарды мерекемен құттықтады. Гульмира Есмұханқызы өз сөзінде: «әрбір ер азаматтарымызға еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас және қайратты, мақсатты болсын»- деген игі тілегімен аяқтады. Мерекелік концерт тақырыпқа сәйкес би, әндермен жалғасын тапты. Ер азаматтардың қатысуымен ойындар өткізілді. #біртұтас_тәрбие