«Отбасы құндылықтары мен дәстүрлері»
Әрқайсымыз үшін отбасы – өмірдегі ең маңызды нәрсе. Отбасы — жақын адамдар, біз жақсы көретін, үлгі алатын, қамқорлық жасайтын адамдар. Әр бала өз бойына жауапкершілік, қамқорлық пен сыйластықты отбасы тәрбиесінен алады. 5 Наурызда «Боровской облыстық санаторлық мектеп-итнтернаты»КММнде «Отбасы құндылықтары мен дәстүрлері»тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.Тәрбиеші-педагогтер тақырыпқа сәйкес викторина, ойын, сұрақ-жауап, әңгімелесу т.б.тәрбие әдіс-тәсілдерін пайдаланды. Мақсаты: отбасының басты құндылықтары – жанашырлық, жауапкершілік, мейірімділік қасеттерін дамыту арқылы баланың рухани бейнесін қалыптастыру. Балалар сөз топтамасынан отбасы туралы мақал-мәтелдер құрастырды. Отбасы, отбасы дәстүрлері, татулық, амандық сияқты отбасылық ұғымдар туралы әңгімелесу арқылы одан әрі іс-шараны жандандырды.Соңында естелікке фотоға түсіп, іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісуге бағытталған рефлексия жасалды.
#біртұтас_тәрбие