«1наурыз-Алғыс айту күні»
Көктемнің алғашқы күнімен шуағын шашып келген мереке-Алғыс айту күні. Алғыс-адам жанын шаттыққа бөлеп, жан жылуын таратады. Осы айтулы күнде мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «1наурыз-Алғыс айту күні» тақырыптық сөресі ұйымдастырылды. Оқушылар арнайы сөреде осы атаулы күннің маңызы мен тарихымен танысты. Қазақстан халқы 2016жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өткен болатын. Содан бері осы атаулы күннің маңызы өте зор екені туралы ақпаратпен танысты. #біртұтас_тәрбие#оқуғақұштармектеп