«Жақсы сөз –жарым ырыс»
Жақсы сөз айту, жақсылық жасау, әр бір адамның міндетті. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сыйқырлық бар — олар арқылы біздер бір бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз.Осының негізінде бүгін Мектеп Парламенті мүшелері таңертең мектеп-интернат қызметкерлері мен педагог-ұстаздарды қарсы алды. Алғыс сөздері- адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден бір амалы екенін сездірді. Мектеп-интернатқа келген ұстаз-педагогтері мен қызметкерлер таңданыстарын сездірді.Одан кейін ұзілісте Мектеп парламенті мүшелері әрбір оқушыларға «Жақсы сөз –жарым ырыс»жәшігінде алғыс сөздер жазып салдырса. Орта буын оқушылары арнайы ілгішпен алқыс сөздерін мұғалімдерге ілді. Мұғалімдер әрбір тілек сөздерден алған әсерлерімен бөлісті.
#Біртұтас_тәрбие#өзінөзібасқару