«Оқуға құштар мектеп»

«Оқуға құштар мектеп»

Қазіргі уақытта білім беру және мәдени саясаттың жалпыұлттық міндеті – білім алушыларды өздігінен оқуға тарту, оқу мәдениетін дамыту және кітап оқудың құндылық ретіндегі беделін арттыру. Кітап оқу өз кезегінде білім алушылардың кітап оқу белсенділігін арттыруға және оқу мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Осының негізінде мектеп-интернатымызда бүгін «9 айға -9 іс-шара» Оқу-ағарту министрлігінің тұжырымдамасын іске асыру үшін «Оқуға құштар мектеп» челленджі өткізілді. «Оқуға құштар мектеп» челленджі — білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығын, оқу сауаттылығын арттыруға, оқыған кітабын жалпылау және талдау қабілеттерін дамыту негізінде шығармашалық қиялын қалыптастыруға, кітап оқуға құштарлығын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар челлендж білім алушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға да негіз болады.Мақсаты: Білім алушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту және белсенді кітап оқуға тарту.
#Біртұтас_тәрбие#оқуғақұштармектеп#люблючитать
0
09:46
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!