Асық ату
Меңдіқара ауданы жастары арасында ұлттық спортты насихаттау, қатысушылардың спорттық шеберлік деңгейін арттыру, облыстық жарыстарға қатысу үшін Меңдіқара ауданының құрама командасын қалыптастыру, команда резервін дайындау және мықты спортшыларды анықтау мақсатымен өткен жарысқа біздің де мектеп- интернат командасы қатысты.
Асық ату ұлттық ойын түрінен Меңдіқара ауданының ашық біріншілігінде қатысып ұлдар арасында 1 орын алған Богатырев Валентин мен 3 орынды алған Жандосұлы Ораз облыстық біріншілігіне бет бұрды. Біздің спортшыларымызды және дене шынықтыру мұғалімі Жарқын Жангельдиновичті жүлделі орындармен құттықтаймыз! Облыстық жарыста да жақсы көрсеткіштер болады деп үміттенеміз! Сәттілік! Тек алға!
#біртұтас_тәрбие
#асықату
#ұлттықспорт