«Төрт тоқсан - төрт өнер»
Кез келген халықтың әл-ауқаты шешуші дәрежеде оның мәдени кодын – ұлттық менталитеттің негізін құрайтын бірегей белгілерінің сақталуымен анықталады. Халық ертегілерінде, әндерде, қолөнерде, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарда бейнеленген ұлттық өнер жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызды факторы болып табылады. «Төрт тоқсан-төрт өнер» Оқу-Ағарту министрлігінің тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2 кіші топ ер балаларының қатысуымен 19 ақпанда «Қазақ халқының ою-өрнектері»атты тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбиеші-педагог: Е.В.Косарева тәрбиеленушілерге тақырыпқа сәйкес бейнеролик көрсетті, мазмұны мен тақырыпты ашуға бағытталған жетелеуші сұрақтар қойды. Білім алушылар арнайы алдын-ала дайындалған киімдер бар қағаздарға ою-өрнектерді бояп, іс-шараға белсене қатысты.