«Төрлет, құтты жаңа жыл»
Біртұтас тәрбие айдары. Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернатында «Төрлет, құтты жаңа жыл»атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға қатысушылар-
1-9сынып оқушылары, педагог-тәрбиешілер. Мерекелік іс-шара сахналық қойылыммымен, сол қойылымның басты рөлдерінде — мұғалімдер, тәрбиешілер назарын аудартпай қоймады. Мерекелік шаранын шымылдығын мектеп-интернат директоры: Г.Е.Сейдахметова жылы лебіздері және жаңа жылдық тілегімен басталды. Мерекелік бастауыш сынып оқушылары «Жаңа жыл мерекеге арнау» жаттаған жыр шумақтармен ашылды. Одан кейін 7 топ тәрбиеші-педагогы: Ж.К.Жусупбекова «Жаңа жыл құтты мереке»әнімен жалғастырды. Әрбір топ тәрбиешілерімен бірге: үнді биі, «Қарақшылар» биі, «Қуыршақтар» биін билеп, көрермендерді таң тамаша етті. «Мыстан кемпір», «Қоян», «Аққала» кейіпкерлері жоғары дәрежеде ролді сомдады. Аяз ата мен ақшақар балаларды көріп бір қуанады да, өзінің жылы тілектерін айтты. Іс-шара соңында естелік суретке түсті.
#Біртұтас_тәрбие