Біртұтас тәрбие айдары
Біртұтас тәрбие айдары. «Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаты»КММ педагог –ұстаздары орталық алаңда қардан мүсін жасады. Екі күнге созылған бұл шығармашылық туынды ептілік пен, шығармашылықты қажет ететіні мәлім. Ең алдымен фигураның жобасын дайындап алынды. Қажетті қар мөлшері арнайы картон қағаздарға салынып қатырылды. Одан кейінгі жұмыс мүсінді қиыстыру мен арнайы бояумен бояу. Осындай қажырлы еңбекпен басталған туынды өз мәресіне жетті. Осы жұмыс барысында биология пәні мұғалімі: Н.Ж.Утеулина ұстаздарды ыстық бауырсақ пен шай ұсынды. Нұргүл Жұмаділқызына зор денсаулық,қажырлы қайрат тілей отырып, алғыс айтамыз.
# біртұтас_тәрбие