«Балалар жарақаты,алдын алу шаралары»
Біртұтас тәрбие жұмысы айдары. Облыстық "Үндестік" жобасы шеңберінде ата-аналармен мектеп –интернат қоғамдастығының бірлескен жұмысын жүзеге асыру мақсатында. «Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаты» КММ «Балалар жарақаты, алдын алу шаралары»атты тақырыпта ата-аналарды қатыстыруымен іс-шара жүргізілді. Іс-шара барысында әрбір ата-анаға презентация арқылы тақырыпқа сәйкес ақпарат берілді. Мектеп-интернат педагог-психологы: А.Ғ.Сауекенова сауалнамамен жұмыс жүргізді.Әрбір ата-анаға тақырыпқа сәйкес жадынамалар үлестірілді. Кері байланыс ретінде сандықшаға өз тілектерін жазып қалдырды. Бұл жобаны іске асыру одан әрі жалғасын табады.
#біртұтас_тәрбие