Олимпиада
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың тікелей тапсырмасы бойынша алғаш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі өтті.
Оған еліміздің шалғай аудандарынан 9-11(12) сынып оқушылары қатысты.
Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.
Біздің мектебіміздің 9-сынып оқушысы Зимонина Александра орыс тілінде оқытатын қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қатысып, өз білімін сынап көрді. Александраға одан әрі мемлекеттік тілді үйренуде өз білімін үздіксіз жетілдіруді тілейміз!