Правовое воспитание

Правовое воспитание

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының « Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаты»

КММ-нде кәмелетке толмағандар ісі бойынша полицияның аға инспекторы майор: Ерлан Серікұлы Калиев 2-9сынып оқушыларына дәріс сағатын өткізді. Мақсаты: кәмелетке толмағандар арасында азаматтық құқықтық сана мен құқық бұзушылықтың алдын алу. Полиция майоры: кәмелетке толмағандардың негізгі құқықтары мен міндеттері, жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылық пен бос жүрудің алдын алу қажеттігін ескерте отырып, қылмыс жасаған оқушылар жазадан шет қалмайтыны, тәртіпті бұзған жағдайда жауапкершілікке ата — ана тартылатыны, мемлекеттік мөлшерде белгіленген көрсеткіш бойынша айыппұл төлейтіндері туралы айтты. Сонымен сөз соңында: «Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу»- деп атап көрсетті. Бұндай дәрістер, әңгімелесулер, сұхбаттар әлі де жалғасын табады.
#біртұтас_тәрбие
0
19:16
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!