Айтыс
Айтыс-қазақ халқы үшін бүгінгі ұлттық құндылыққа айналып үлгерген өнер түрі. «Төрт өнер-төрт тоқсан»ұлттық мәдени ағартушылық жобаны іске асыру мақсатында «Айтыс-қазақтың төл өнері»атты тақырыпта тәрбие сағаттары өткізілді. Әрбір топтың тәрбиеші-педагогтері тақырыпқа сәйкес бейнероликтер көрсетіп, сұрақ-жауаптар арқылы тақырыпты ашуға бағытталған әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланды.Білім алушылар сұрақтарға жауап беріп, айтыстың түрлері оның тәрбиелік мәні туралы кең мағлұмат алды.
Ұлттық мүдде құндылығы:
-Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруғабелсенді үлес қосу;
-Ұлттық мұраға ұқыпты қарау;
-Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту;
Ар-ұят құндылығы:
-Сөзіне берік, ісіне адал болу;
-Халқына адал қызмет ету
Талап құндылығы:
-Сыни және креативті ойлау;
-Білуге, жаңаны тануғақұштар болу.
#Біртұтас_тәрбие#төртөнертөрттоқсан#біріншітоқсан