1 сентября

1 сентября

Қыркүйектің таңы өзімен бірге жаңалыққа толы, оқушыларға жаңа білімге жол ашады. Бұл бірінші сынып оқушылары үшін үлкен мектеп сапарының басталуы. Боровской облыстық санаторлық мектеп интернатында «Білім күні» мерекесіне орай «Мектебім -мейірім мекені» атты тақырыпта салтанатты жиын өткізілді.Мектеп-интернат директоры: Г.Е.Сейдахметова өз сөзінде ұстаздар мен оқушылар қауымын мерекемен құттықтап, оқушыларға білімді игеруде табыс, өз Отанына лайықты азамат болуға ұмтылуды қажет екенін,ұстаздар қауымына шәкіртерді оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде шығармашылық шабыт, толағай жеңістерді тіледі. Салтанатты жиын оқу жылының ашылуына арналған әрі білім берудің адам өміріндегі маңызы мен рөлін айқындайтын іс-шара болып табылады. Салтанатты жиынды жас ұстаз Б.Кабдуалиев жеке дауыстағы әні., тәрбиеленуші: Е.Сентябованың әні., қыздар биі одан әрі қызықтыра түсті.Сонымен қатар алғаш мектеп табалдырығын аттаған оқушылар тақпақтарын айтса, 9 сынып оқушылары өз сыйлықтарын ұсынды.

Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында білімнің басымдылығы мен маңыздылығын және жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.
0
16:32
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!