А. Байтурсынов. 150 лет
Бүгін 2022жылдың 19 қыркүйегінде «Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаты»КММ Алаш қайраткері, ұлт ұстазы, ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ахмет Байтұрсынұлы –ұлт ұстазы»атты тақырыпта апталықтың ашылуы өтті. Апталықтың мақсаты: « Білім саласын жарқын болашақтың негізі деп есептеп, осы жолда аянбай тер төккен Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы мен, өмірбаянымен,қанатты сөздерімен, музыкалық өнерін оқушылар бойына дарыту». Жиында 6 сынып оқушылары Мағалбек Аружан мен Сәбит Ерхан ақынның өлең жолдарын мәнерлеп оқып берсе, музыка пәні мұғалімі: Б.С.Қожасағиев ақынның «Екі жирен»әнін домбырамен орындап, көрермендерін баурап алды.
Осы күні мектеп-интернат кітапханасында оқушылар «Қазақ тілі білімінің негізін қалаушы» атты тақырыпттық сөресімен танысты.
Күннің екінші бөлімінде ектеп-интернатымвздың жиын залында 1-4 бастауыш сынып, 5-6 орта буын және 7-9 жоғары сынып оқушылары сынып жетекшілерімен «Ахмет-Ұлт ұстазы»атты кинофильм көріп, өз ойларын ортаға салды. Кинофильмнен бар саналы ғұмырын оқу-ағарту ісіне арнаған ұлт зиялысы 1921 жылы Орынборда Академиялық орталық ашып, қазіргі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының негізін қалаушының бірі екенін біліп тарасты.