День Семьи
Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстығына, суығына бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Сол отбасыдан үлкен өмірге қадам басамыз.Біздің өмірімізге түзу қадам басуымызда отбасының орны ерекше.Сондай отбасылардың бірі – Ермағанбет Жандос Атымтайұлы мен Баймаганбетова Даржан Кабдоллаевнаның шаңырағы. Үлкен де бақытты отбасылардың қатарында, отбасы дәстүрі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан жанұя. Жанұя мүшелерінің өз жетістіктерімен әнге, биге әуестіктері жарасымдылықты одан әрі өрбітеді. Ең басты құндылықтары – бір -бірлеріне деген сыйластық пен махаббат, себебі махаббатсыз түсіну мен қолдау болмайтыны анық. Отбасылық бақытты бағалаған бала ғана, ата-анасының үмітін ақтаған адам болып жетіледі. Отбасы- белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт- дәстүрлердің сақтаушысы екенін ұмытпағанымыз абзал.