Урожайное начало года
Оқу жылының басталуы бізді жаңа спорттық жеңістермен қуантады. Бүгін біздің мектеп-интернаттың оқушылары екі түрлі спорттық іс-шараға қатысты. Дене шынықтыру мұғалімі Ш.Ж. Мухамбеткалиевтің басшылығымен қазақ күресінен құрама командасы Ұзынкөл ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ұлттық күрес бойынша аудандық турнирге қатысып, біздің балуандарымыздың қоржынында жалпы командалық екінші орынды иеленді: 4 — бірінші орын, 5 — екінші, 3 — үшінші. Турнирге 70-тен астам адам қатысты. Ал Ж.Ж.Сулейменовтың басшылығымен құрама команда Меңдіқара ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімімен ұйымдастырылған ҚР Тұңғыш Президентінің тест сынақтарының түрлері бойынша Чемпионатқа қатысты. Мұнда біздің балалар өте жақсы нәтижелер көрсетті: 9-10 жас санатында – В.Жуковская 1 орын иегері болды,11-13 жас санатында 1 орын – А.Зимонина, 2 орын — К.Кырхан, 14-15 жас санатында 1 орын –В.Эплер, 2 орын — Д.Хмыров. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
Начало учебного года радует нас новыми спортивными победами. Сегодня учащиеся нашей школы- интерната приняли участие в двух спортивных мероприятиях. Сборная по қазақша күрес под руководством учителя физической культуры Мухамбеткалиева Ш.Ж. приняла участие в районном турнире по национальной борьбе, посвященном 30-летию Независимости РК в Узынкольском районе, заняв общекомандное второе место В копилке наших борцов: 4- первых места, 5- вторых, 3- третьих. В турнире приняло участие более 70 человек. Ну, а сборная команда под руководством Сулейменова Ж.Ж. – приняла участие в чемпионате во видам испытаний тестов Первого Президента РК, организованном Отделом культуры и развития языков, физической культуры и спорта Мендыкаринского района. И тут наши ребята показали отличные результаты: в возрастной категорий 9-10 лет –обладательницей 1 места стала Жуковская В., в возрастной категории 11-13 лет 1 место –Зимонина А., 2 место-Кырхан К., в возрастной категории 14-15 лет 1 место –Эплер В., 2 место- Хмыров Д. Позравляем наших победителей!