Мероприятия к 30 летию Независимости
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Ыбырай Алтынсариннің 180-жылдық мерейтойы қарсаңында бүгін, 2021жылдың 4- наурызында, «Ұлттық құндылықтар- тәрбие бастауы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге жиналған қонақтар: А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеттің профессоры, ақын,Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш сыйлығының» иегері, ыбырайтанушы — Оспанов С. О; А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің филология ғылымдарының кандидаты, профессор- Мырзағалиева Күлзада Мешітбайқызы; А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы «Құрмет» медалінің иегері- Жақып Қ. Х; Жақып Д. С, Меңдіқара аудан Ардагерлер Кеңесінің төрағасы-Көбеков Есет Рүстемұлы; ҚХА Меңдіқара Қоғамдық Келісім Кеңесінің төрайымы-Козлова Н.И. Меңдіқара ауданы білім беру әдіскерлері, аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері.
«Ыбырай тағылымы» жайлы Серікбай Оспанұлы тың деректермен бөлісіп, қатысушылар алдында сөз сөйлесе, Күлзада Мешітбайқызы «Ыбырай Алтынсарин мұрасы арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу » туралы ой қозғады. Қалқаман Хасенұлы екі тілде ұлттық құндылықтар жайында өз ойымен бөлісті.Ал Есет Рүстемұлы төрағасы ұрпақ тәрбиесінде ұлы ағартушының өнегелі істерін оқу мен тәрбие барысында орынды пайдаланып, «Ыбырайтану» курстарын жүргізуді қолға алуды ұсынды. Н. И.Козлова «Қазақтану» концепциясын жүзеге асыруда Қоғамдық Келісім мен Аналар Кеңесінің атқарып жатқан игілікті істері жөнінде мәлімет берді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша мектеп координаторы А К Есетова атамыздың 180 жылдық мерейтойына арнап жазған «Жыр маржаны» атты өз шығармасын оқыды. Дөңгелек үстел қатысушылары мектеп өнерпаздарының өнерін тамашалап, жақсы ілтипаттарын білдірді. Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары – М.Б.Сандыбеков пен Ішкі саясат бөлімінің басшысы-Д.Қ.Ахметкалиев құрметті қонақтарға Алғыс хат тапсырды.