"Лингвист" ӘБ онкүндігі
«Сиқырлы жәшік» ойыны
Үзіліс кезінде оқушылармен қызықты әрі пайдалы ойын өткізілді – «Сиқырлы жәшік».
Ойын барысында жәшіктің ішінде оқу құралдары белгілі бір ретпен орналастырылды. Оқушылар жәшіктің үстіне өздері ойлаған затты қойып, оның ішінде қандай зат жатқанын табуға тырысты.
Ең бастысы – балалар тек қана затты табуға тырысып қоймай, әр оқу құралын қазақ тілінде атап, өздерінің сөздік қорларын дамытты.
Бұл ойын оқушылардың:
ойлау қабілетін дамытуға
зейінін арттыруға
қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын жетілдіруге көмектесті.
балалар ойынға белсенді қатысып, ерекше қызығушылық танытты. Осындай ойындар арқылы білім алу қызықты әрі есте қаларлық болады!
#МОЛингвист#СиқырлыЖәшік #ҮзілісКезіндегіОйын #ҚазақТілі #ОқуҚұралдары #МектепӨмірі





