"Лингвист" ӘБ онкүндігі

"Лингвист" ӘБ онкүндігі

6 Б» сыныбында М. Әлімбаевтың «Шынықсаң шымыр боларсың» өлеңі бойынша ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, өлең мазмұнын түсіну және қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сабақ барысында оқушыларға өлең жасанды интеллект (ЖИ) арқылы тыңдатылды, бұл олардың қызығушылығын арттырып, мәтінді дұрыс қабылдауға көмектесті. Өлең мазмұны талданып, негізгі ойы анықталды. Сонымен қатар берілген тірек сөздерге сүйене отырып, оқушылар сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырды. Бұл тапсырма оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын және байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталды.
Сабақта түрлі әдіс-тәсілдер қолданылып, оқушылар белсенділік танытты. Нәтижесінде оқушылар өлеңнің мазмұнын түсініп, шынығудың адам денсаулығына пайдасы туралы өз ойларын жеткізе алды. Сабақ өз мақсатына жетті.
0
14:59
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!