"Спектр" ӘБ онкүндігі
27 ақпан күні «Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаты» КММ-де «Спектр» оқу-әдістемелік бірлестігінің «Біз болашақты жасаймыз» атты онкүндігі өз мәресіне жетті.
Онкүндік аясында ұйымдастырылған іс-шаралар қорытындыланып, таңертеңгілік уақытта мұғалімдерді көтеріңкі көңіл күймен қарсы алдық.
Робот мұғалімдерге сөмкелерді табыстап, көпшіліктің қызығушылығын арттырды.
Ұжымға ерекше әсер сыйлау мақсатында қолдан жасалған сөмкелер тарту етіліп, әріптестеріміздің көңіл күйлерін көтеруге ықпал еттік .
Бұл күн ұстаздар үшін жағымды эмоцияға, жылы лебізге және шығармашылық шабытқа толы болды.






